Қазақстан 26 сәуірден бастап Түркияға әуе рейстерінің санын аптасына тоғызға дейін қысқартады
Бүгінде Ыстанбұл мен Анкараға аптасына 20 рейс орындалады.Қазақстан Түркиямен әуе қатынасын шектейді, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.
26 сәуірден бастап Ыстанбұл мен Анкараға аптасына 20 рейстің орнына тек тоғыз рейс орындалады. Мұндай шешімді Түркиядағы эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты ведомствоаралық комиссия қабылдады. Шектеулерді алып тастау туралы шешім эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай қабылданатын болады.
Бұған дейін Қазақстан Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті азаматтарды Түркияға барудан бас тартуға шақырған болатын. Түркияда күн сайын covid-19 жұқтырудың 60 мыңға жуық оқиғасы тіркелуде.
Оқи отырыңыз:
- Коронавирусқа қарсы вакцина салу. Не білу қажет?
- Коронавирусқа қарсы екпе алғандардың ағзасында антидене екі жылға дейін сақталады
- Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинаны қалай алуға болады? Дәрігерлер вакцинация туралы сұрақтарға жауап берді
- Қазақстандық QazVac вакцинасын егу сәуір айының соңында басталады
- Тоқаев Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған "Спутник-V" вакцинасын салдырды
- Алматыда коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға болатын емханалар мен медорталықтардың тізімі
- Нұр-Сұлтанда Covid-19-ға қарсы вакцина жасауға болатын емханалар мен ауруханалар тізімі жарияланды
- Алматыда вакцина салдыруға болатын сауда орталықтары мен базарлар тізімі
- Коронавирусқа қарсы екпе алған қазақстандықтар ағзасында поствакциналық антиденелердің бар-жоғын тексере алады
- Коронавирусқа қарсы вакциналар Қазақстанға құрғақ мұзды қолдану арқылы тасымалданады