ІІМ: Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандардың 81 пайызы жұмыссыз болған
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбір көргендердің 50 пайызы әйел болса, 6,4 пайызын кәмелетке толмағандар.Соңғы 5 жылда әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыс саны 3 есеге қысқарды. Алайда карантин кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасы ушықты.
"Былтыр осындай қылмыс саны 4,7 пайызға артты. Оған қоса тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбір көргендердің 50 пайызы әйел болса, 6,4 пайызын кәмелетке толмағандар құрады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандардың 81 пайызы жұмыс істемеген", – деді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк.
Айтуынша, түзету мекемелерінде 25 педофил жазасын өтеп жатыр. Оларға соттың шешімі бойынша медициналық тұрғыдан химиялық кастарциялау жасалады, – деді ол.
ІІМ тергеу бөлімінің бастығы Ермек Шүлден, жыл басынан бері республикада 68 697 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді. Оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыс саны 203-ті құрағанын айтады.
Шүлденнің айтуынша, полиция қызметкерлері арасында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық тіркелмеген. Ол тұрмыстық зорлық-зомбылық бір отбасында бірнеше мәрте қайталанған жағдайда қандай шара қабылданатынын айтты.
"Бір отбасында зорлық қылмысы қайталанса да, статистика қылмыс жасаушы адам мен оны қылмыстың қайталап жасау дерегіне қатысты жүргізіледі. Яғни бір отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қайталануының статистикасы жүргізілмейді", – деді ол.