Factcheck тілшісі Айгерим Мекишеваның зерттеу материалын ұсынамыз. 


13 қаңтарда Snob.ru порталы (басқа да БАҚ сияқты) 30 жастағы америкалық "өзіне галлюциногенді саңырауқұлақ қайнатпасын салып, өліп қала жаздады. Саңырауқұлақтар оның бойына өсе бастаған" деген хабармен төбеден түскендей етті. Бұл ретте Snob Кеңес беру және коммуникатив психиатрия академиясы журналы жариялаған "Қарқынды терапия бөліміне "трип": көктамыр ішіне псилоцибин салу" атты баяндамаға сілтеме жасайды. Адам галлюциногенді саңырауқұлақтарды өндіретін фабрика бола алады дегенге сену қиын болғандықтан, ақпаратты тексеруді жөн көрдік.

Пікір: 30 жастағы Небраска тұрғыны өзіне галлюциногенді саңырауқұлақ қайнатпасын енгізіп, өліп кете жаздады.  Саңырауқұлақтар оның бойына өсе бастаған (Snob.ru).

Үкім: Шындық (бірқатар ескертумен)

Біз қанның псилоцибинді саңырауқұлақтар дақылымен улануы туралы айтып отырмыз. Науқас жансақтау бөліміне түскен, өздігінен тыныс ала алмағандықтан, тіпті интубацияны қажет етті. Саңырауқұлақтар "онда өсе бастады" деген сөз біздің ойымызша толығымен дұрыс болмаса да, процесс мазмұнын біршама бұрмаласа да, барлығы дұрыс сипатталған деуге болады.


Оқи отырыңыз: Конспирологиялық теориялар мен вакцинацияға қарсы үгіт-насихаттан кім, қалай және қанша ақша тауып жатыр?


Бұқаралық ақпарат құралдары препруф-мақалаға (pre-proof), яғни өзінше бір шағын есепке сілтеме жасағанына қарамастан, оны редакция алдын ала жариялау үшін қарастырған және қабылдаған. Бірақ жариялап жатқанда жетілдірілген және соңғы нұсқа емес осы кезеңде мәтіннің өзі "саңырауқұлақ" инъекциясынан кейін Psilocybe cubensis (Кубалық псилоцибе) сорты "науқастың қанында өсе" бастады деген тұжырымды растайды.

Ескерту: Препруф туралы мынаны білу керек: мәтін соңғы жарияланғанға дейін өзгеріп отыруы мүмкін. Әртүрлі қосымша файл, материалдар, метадеректер, сілтемелер қосылуы мүмкін. Соңғы нұсқасы басылымға орналастырылған кезде алдын ала қарау нұсқасындағы мақала жойылады. Сонымен қатар, мақалада жаңа жариялау күні жазылады.

Толығырақ

Зерттеу тақырыбы бойынша мәтінде шынымен 30 жастағы ер адам жағдайы сипатталады, авторлар жазғандай,"Х мырза" псилоцибинді көктамырға салған, соның кесірінен полисистемалық органдар жетіспеушілігінен ұзақ уақыт қарқынды терапия бөлімінде жатқан.

Икс мырза – бұл биполярлық I бұзылысы және есірткіні көк тамырға салған оқиғасы бар 30 жастағы ер адам… Туыстарының айтуынша, ол опиоид тәуелділіктен және күйзелістен арылу жолдарын өз бетінше зерттеген. Өзінің зерттеулерінде микромөлшердегі ЛСД және галлюциногенді псилоцибин саңырауқұлақтарының терапия әсері туралы ақпаратты көрген… бұл оны алдын ала мақта тампонымен сүзілген, өзі "саңырауқұлақ шайы" деп атағанды (суға қайнатылған псилоцибин саңырауқұлақтары) көктамырға салуға түрткі болған.


Оқи отырыңыз: "Коронавирусты жеңудің жалғыз жолы – халыққа жаппай вакцина салу". Эпидемиолог Сәкен Әміреевтің өзекті пікірлері


Шынында, галлюциногенді саңырауқұлақтар әсері туралы осыған ұқсас зерттеулер белсенді түрде жүргізіліп келді және жүргізіліп жатыр.

Келесі бірнеше күнде онда енжарлық, сары ауру, іш өту, жүрек айнуы және гематемез пайда болды. Содан кейін оны туыстары тауып, ауруханаға жеткізді, тағы бірқатар ауыр ауру белгілер анықталды. Ауруханада емдеу септикалық шок және жедел тыныс алу жеткіліксіздігі арқылы қиындады (ауруханаға жатқан екінші күнде интубацияны қажет етті), сондай-ақ плазмаферезді қажет ететін тамырішілік қан ұюы болған.

Себінді бактерияның қанға өтуін (Brevibacillus бактериясы қоздырған) және фунгемин немесе гематоген саңырауқұлақ инфекциясын анықтады. Соңғысын Psilocybe cubensis қоздырған, яғни пациент тамырға осы саңырауқұлақ қайнатпасын салған:

"…көктамырға салған саңырауқұлақ енді оның қанында өсіп жатты", – деп жазады есеп авторлары (атап айтқанда, Николас Джанкола, BA, Крейтон университеті, Медицина факультеті, Феникс және оның авторлары).

Белгілі болғандай, қандағы саңырауқұлақ инфекциясы галлюциногенді саңырауқұлақтардың адам бойында "өне бастағанын" білдірмейді, бұл жерде "қанда көбейді" деген сөз орынды болар еді.

Зерттеушілер оның ауруханада жалпы 22 күн емделгенін жазады, оның сегізі жансақтау бөлімінде. Мақала жазылып жатқанда (2021 жылы 11 қаңтарда алдын ала шыққан), пациент әлі күнге дейін даптомицинмен, меропенеммен және вориконазолмен ұзақ уақыт емделіп жатты.


Оқи отырыңыз: "Спутник V" вакцинасы туралы не білеміз?


Ескерту: АҚШ-та Азық-түлікті және дәрі-дәрмектерді бақылау басқармасы (FDA) құрамында псилоцибині бар кейбір дәрі-дәрмек "төзімді депрессияның қарқынды терапиясы" деп танылады. Қазіргі уақытта осы заттың ықпалына байланысты 50-ге жуық клиникалық сынақ жүріп жатыр. Былтыр қаңтарда дәрі-дәрмектердің бірі жақын арада FDA мақұлдауына ие болатыны хабарланды.

Psilocybe cubensis-ті тамырға енгізу тәсілі сол түрді қабылдаған кезде байқалатын тұрақты психоактивті әсер етуі мүмкін-мүмкін емесі белгісіз. Дегенмен оның әсері дәлелденсе, болашақта бұл қабылдау мен зерттеу тақырыбына көзқарастың өзгеруіне ықпал етеді дейді ғалымдар.