"Есіктен – есікке" акциясы аясында тұрғындармен кездесу
Үйме-үй аралап, партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттайтын "Есіктен – есікке" акциясы аясында Жаңаөзен қалалық мәслихаты депутаты болуға үміткерлер қаладағы "Өркен" шағынауданы тұрғындарының шаңырақтарына барды. Партияның жетістіктерімен, қоғамдық қызметтерімен және сайлауалды бағдарламамен таныстырып, үнпарақтар таратты. Халықтың өмірі, еңбегі, денсаулығы, білімі, әл-ауқаты, құқығының қорғалуы басты назарға алынғанын жеткізді. Осы бағыттарда көптеген жобалар жасақталып, партия орындалуына ықпал ететінін жеткізді.
"Есіктен – есікке" акциясы аясында қалалық мәслихатқа үміткер Қанағат Мыңтұрғановтың сенімді өкілі Аманғали Сәрсенбай "Өркен" шағын ауданының бірнеше үйіне кіріп шықты. "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, 10 қаңтарда партиямызға дауыс беруге үгіттеу жұмыстарын жүргізді.
Ал екінші кандидат Батыржан Қорғанбаев болса "Өркен" шағынауданының басқа бірқатар үйіне, азық-түлік дүкендерге соғып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Акция барысында қала тұрғындары тарапынан келіп түскен сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныс пікірлері тиісті мекеме басшыларына жеткізілетіні айтылды. Жалпы көптеген мәселені шешу шарасы партияның 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында қарастырылған.
"Nur Otan" партиясы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық cайлау қоры қаражатынан төленді