Ертең оқушылардың емтихандары басталады. Қорытынды баға қалай шығарылады?
Санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау үшін қажет болса, емтиханды бірнеше күнде өткізуге мүмкіндік берілдіЕртеңнен бастап қорытынды аттестаттау бойынша жұмыс басталады. Былтыр көп мемлекет қорытынды емтихандарды өткізбеген, биыл болса, мемлекеттердің басым көпшілігі қорытынды емтихандарды өткізіп жатыр. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов республикалық педагогикалық кеңесте айтты.
"Оған адаптация жасалды. Біраз өзгерістер енгізілді, бір пәнді алып тастадық", – деді Білім және ғылым министрі.
Министр алғашқыда БҒМ 50/50 форматын қалдыру бойынша шешімді шығармақ болған. Мысалы, емтиханның 60% үлесі және 40% баланың алып жүрген бағалары.
"Дегенмен балаларға ыңғайлы болуы үшін қорытындының 70%-ы өзінің күнделікті алып жүрген бағалары, ал қалған 30%-ы емтиханның үлесі болады. Мұны да балаларға көрсетілген көмек ретінде қарастыруға болады. Бірақ емтиханды өткізу керек", – деп атап өтті Асхат Аймағамбетов.
Оқи отырыңыз: 28 мамырда Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халыққа есеп беру кездесуін өткізеді
Оның сөзінше, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау үшін қажет болса, емтиханды бірнеше күнде өткізуге мүмкіндік берілді.
Сонымен қатар бас ұстаз 19 маусымға дейін жалғасатын жазғы мектептердің жұмысын тиісті дәрежеде ұйымдастыруды тапсырды.