Нұр-Сұлтанда Covid-19 үнділік штамы қосымша зерттеуге жіберілген науқастардың 56%-ында алдын ала анықталды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Коронавирустың жаңа мутациясы өте жұқпалы және тез таралады. Соған байланысты қалада қосымша карантиндік шектеу шаралары енгізіледі.

"Қалада біз аурудың күшейгенін байқап отырмыз. 54 науқастың алдын ала талдамалары көрсеткендей, олардың 56%-ында үнділік штамм анықталып отыр. Мутацияның жаңа түрі аса қауіпті, оның адам иммунитетіне әсері өте зор. 39%-ында – британдық штамм", – деді елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова.


Оқи отырыңыз: