Экология министрлігі киіктердің төлдеу маусымында фото, видео түсірілімге толық тыйым салады
Бастама құралайлариен жасалған фотосуретке қатысты туған қоғамдық резонанстан кейін қолға алынып отыр.Экология, геология және ресурстар министрлігі киіктердің төлдеу маусымында фото және видеотүсірілімдерге толық тыйым салатын арнайы құжат әзірлеуге бастамашылық жасайды, деп хабарлады Экология министрлігінің баспасөз қызметі.
Аталған бағыттағы жұмыс Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті арқылы күшейтіледі. Атап өтейік, бұрын соңды мұндай нормалар қабылданбаған еді. Бастама құралайлариен жасалған фотосуретке қатысты туған қоғамдық резонанстан кейін қолға алынып отыр. Ведомство орман шаруашылығы және жануарлар әлеміне қатысты ақпаратты жариялауда ерекше бақылауды қажет екенін хабарлап отыр.
Қазақстан – киіктер популяциясы ең көп шоғырланған ел, нақтырақ айтқанда жануардың 90 пайызы біздің елді мекендейді. Олар Орал, Үстірт, Бетпақдала популяциясына бөлінеді.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстанда киіктерді қорғауға арналған акция өтеді
- Дүние жүзіндегі барлық киіктің 90 пайыздан астамы Қазақстанда мекендейді