Қазақстанда 2005 жылдан бастап білім беру кредиттерін кепілдендіру бағдарламасы жұмыс істейді. Осы бағдарлама арқылы қазақстандықтар жоғары оқу орындары (бакалавриат, магистратура, докторантура) мен колледждерде білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін несие алып келеді. Алайда қарызын өтемей жүргендер жоқ емес.

Бүгінгі таңда 1,975 млрд теңге сомасында 7 273 кепілдік міндеттеме берілді:

  • студенттер саны – 3 542 адам;
  • кредит сомасы – 2,083 млрд теңге.

Осы орайда Informburo.kz білім беру несиесіне қатысты маңызды сұрақтарға жауап береді.

№1. Білім беру несиесін беретін банктер:

  • "ForteBank";
  • "Нұрбанк";
  • "TengriBank";
  • "Ресей Жинақ банкі".

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 55 млн несие шарты жасалған. Қарыз иелерінің жауапкершілігін арттыру ұсынылды

№2. Несие мөлшерлемесі мен қарыз сомасы

Банктердің кредиттеу мерзімі – 10 жыл. Қарыз сомасы 150 000 теңгеден басталады.

"Ресей Жинақ банкі" кредит беруді тоқтатты. Бұрын ашылған несие желілерін ғана қаржыландырады. ForteBank болса Алматыдағы Т. Рысқұлов атындағы жаңа экономикалық университеті мен Нұр-Сұлтандағы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің студенттеріне ғана несие береді.

Жылдық мөлшерлеме мен қарыз сомасы:

  • ForteBank – 10%-дан бастап, 3 млн теңгеге дейін;
  • "Нұрбанк" – 20%-дан бастап, 5 млн теңгеге дейін;
  • TengriBank – 20%-дан бастап, 6 млн теңгеге дейін.

№3. Кепіл талап етіле ме?

Кепіл талап етілмейді. Банктер алдында "Қаржы орталығы" кепіл болады. Қарыз алушының табысы болмаған жағдайда тең қарыз алушының болуы талап етіледі.

Несие алушылар:

  • Қазақстан азаматы;
  • ел аумағында тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркелген;
  • ҚР оқу орындарына түскен немесе оқитын азаматтар болуы тиіс.

№4. Студентке қойылатын талаптар:

  • студенттің үлгерімі соңғы академиялық кезеңде ҰБТ/КТ бойынша 50 балдан, бес балдық жүйе бойынша 3,5 балдан, GPA кредиттік жүйе бойынша 1,33 балдан кем болмауы тиіс;
  • талаптар студенттерге/талапкерлерге үлгерімі минималды шекті бола тұра кепілдендірілген білім беру кредитіне жүгіне алатындай мүмкіндік береді;
  • тең қарыз алушыны (жақын туысын) тарту;
  • тең қарыз алушы жұмыс орнынан табыстары туралы және зейнетақы қорынан соңғы жарты жылға зейнетақы аударымдары туралы анықтамаларды ұсыну керек.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда несиесін төлей алмай отырғандардың саны 1 миллион 102 мыңға жетті

№5. Қандай жеңілдіктер қарастырылған?

Бағдарламаның бір ерекшелігі студенттің оқу кезеңінде негізгі қарызды өтеуге жеңілдікті кезең беріледі. Яғни, қарыз алушы оқуы кезінде банкке кредит бойынша пайыздарды ғана төлейді, ал негізгі қарыз сомасын ЖОО-ны бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуға берілетін алты айдан соң қайтарады. Кредиттің мерзімі де ұзақ – 10 жылға дейін, әрі кепіл де талап етілмейді.

№6. "Қаржы орталығы" студенттерді жұмысқа орналастыра ма?

"Қаржы орталығы" мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқыған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастырумен айналыспайды.

Алайда "Білім туралы" ҚР Заңының 47-бабының 17-тармағына сәйкес, білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы ретінде осы тармақта көрсетілген азаматтардың жұмыспен өтеу жөніндегі өз міндеттерін орындауына және жұмысты өтемеген жағдайда бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстардың орнын толтыруына мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады.

№7. Борышкерлер саны:

  • дефолт басталған кепілдік міндеттемелер – 736;
  • адам саны – 355;
  • кепілдік міндеттемелер сомасы – 127 млн тг;
  • нақты төленген сома – 111 млн тг.

1 837 кепілдік міндеттеме бойынша 262 млн тг несие, 226 млн тг кепілдік міндеттеме өтелді. Дефолт басталған кепілдік міндеттемелер бойынша 75 млн теңге өтелді.

Оқи отырыңыз: Несие алудың тиімді жолдары немесе банкке алданбау үшін нені білу керек

№8. Кредитті өтемесе, не болады?

Студент банк алдындағы өз міндеттемелерін орындамаса, яғни кредит өтемесе, банк кепілдік берілген соманы төлеу жөнінде "Қаржы орталығына" талап қоюға құқылы. ҚР Азаматтық кодексінің 334-бабына сәйкес "Қаржы орталығы" банк алдындағы өз міндеттемелерін орындағаннан кейін Кредитордың осы міндеттеме бойынша барлық құқықтары талап қанағаттандырылған көлемде "Қаржы орталығына" ауысады.

Одан әрі қарыз алушымен жұмыс жүргізіледі, берешекті өтеу бойынша белгілі бір мерзім беріледі Ескерту, талап жіберіледі, келіссөздер жүргізіледі.

№9. "Қаржы орталығы" қандай шаралар қолданады?

Қарыз алушы берешекті өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда, "Қаржы орталығы" берешекті сот тәртібімен, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі № 573-II Заңына сәйкес өндіріп алады, деректерді кредиттік бюроларға беру жүзеге асырылады.

2020 жылғы 27 ақпандағы жағдай бойынша мемлекеттік білім беру кредиті бойынша қарыз сомасы – 2 924 584 теңге. Осыған байланысты кредитті өтеуден жалтарған қарыз алушы студенттерге қатысты кінәрат-талап қою жұмысы жүргізіледі. Сотқа дейінгі реттеу тәртібімен кредиттік берешектің бары туралы хабарламалар, талаптар жіберіледі.

№10. Қанша қаржы қайтарылмады?

Үкімет 1999 жылы 20 шілдеде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында кадрлар даярлауды мемлекеттік білімдік несиелендіру туралы қаулы қабылдады. Кредит беру бағдарламасы қолданыста болған кезеңде 1999-2005 жылдар аралығында барлығы республикалық бюджеттен 15 288 228 213 теңге қарыз алушы студенттерді оқытуға бөлінді. Қарыз алушы студенттердің жалпы саны – 58 315 адам.

2020 жылғы 27 ақпандағы жағдай бойынша 44 мың студент мемлекеттік білім беру кредитін өтеді.

Оқи отырыңыз: Кредиттік амнистия. Популизм бе, әлде нақты әлеуметтік көмек пе?

№11. Сотқа жіберілген істер:

Қарызды өтемеу бойынша 355 талап дайындалды:

  • 23 адам сотқа дейін өтеді;
  • 328 адамға талап қанағаттандырылды, сот шешімі шығарылды;
  • 1 адам келісімге келді;
  • 3 адамның ісі қаралуда.

Кредитті ерікті түрде қайтару бойынша міндеттемелерді орындамаған қарыз алушыларға қатысты сотқа борышты өндіріп алу туралы талап-арыздар жіберіледі.2002 жылдан 2020 жылға дейін мемлекеттік білім беру және студенттік кредиттер бойынша борышты өндіріп алу туралы 16 641 сот актісі шығарылды, 11 318-і орындалды, 5 323 іс орындалуда. Сот актілерін мәжбүрлеп орындауды сот орындаушылары жүзеге асырады.

№12. Сот орындаушылары қабылдайтын шаралар:

  • борышкерлерді "Борышкерлердің бірыңғай тізіміне" енгізу;
  • борышкерлердің Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуына уақытша шектеу қою;
  • борышкерлердің мүлкіне тыйым салу және оларды өткізу;
  • борышкердің жалақысынан және өзге де табыс түрлерінен өндіріп алу;
  • борышкерлердің орналасқан жері белгісіз болған жағдайда оларға іздеу жариялау шараларын қабылдайды.