Балалардың қысқы демалысын карантин жағдайында қалай өткізуге болады?
Informburo.kz Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкентте балалардың қысқы демалысын көңілді өткізуге болатын орындарға шолу жасады.
Алматы
Алматы әкімдігі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қалада тегін мұз айдындары құйылмайтынын хабарлады. Дегенмен конькимен сырғанаймын деушілерге баратын жер табылады.
"Медеу" мұз айдыны
"Медеу" мұз айдыны кассасы жұмыс істемейді. Билеттер тек онлайн сатылады. Кіру билеттерін medeu.kz және Zakazbiletov ресми сайттарынан, Kaspi.kz қосымшасынан сатып алуға болады. Мұз айдында:
- Келушілерден жедел респираторлық аурулар белгілері (дене қызуы, жөтел, мұрынның бітелуі) байқалса кіруге тыйым салынады;
- Нысан аумағында маскамен жүру керек;
- Мұзда сырғанау кезінде міндетті түрде әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет. Бір отбасы мүшелеріне 3-5 адамнан құрылған топпен сырғанауға мүмкіндік беріледі.
- Әлеуметтік қашықтықты сақтап демалыс орындарында отыруға рұқсат етіледі.
Жұмыс күндеріндегі сеанстар:
- бірінші сеанс: 11.00 – 14.00
- екінші сеанс: 15.00 – 18.00
- үшінші сеанс: 20.00 – 23.00
Демалыс және мереке күндеріндегі сеанстар:
- бірінші сеанс: 09.00 – 11.00
- екінші сеанс: 12.30 – 14.30
- үшінші сеанс: 16.00 – 18.00
- төртінші сеанс: 19.30 – 22.30
Билет бағасы:
- кіру билеті – 1 000 – 2 000 теңге
- 14 жасқа дейінгі балаларға – 400 – 800 теңге (7 жасқа дейінгі балаларға тегін)
- жеңілдік билеттері (жастарға және зейнеткерлерге) – 1 000 – 1 500 теңге
Конькиді сол жерде жалға алуға болады. Құны – 1 000 теңге.
Анықтама телефоны: +7 (727) 232 68 48
"Алматы Арена" кешені
"Алматы Арена" кешенінің ішінде және сыртында конькимен, кешен жанындағы төбешікте тюбпен сырғанауға болады. Кіру билеттерін, жалға алу қызметтерін almaty-arena.kz сайтынан онлайн сатып аласыз. Карантин шараларына байланысты бір ғана касса жұмыс істейді. "Алматы Арена" әкімшілігі билетті онлайн сатып алуға кеңес береді, себебі кассада билет қалмауы мүмкін. Әр аттракционда келушілер санына шектеу қойылған, сондай-ақ маска режимі мен әлеуметтік қашықтық сақталуы қажет.
Конькимен сырғанау
Кіру билеті:
- балаларға (5 жастан 16 жасқа дейін) – 500 теңге
- студенттерге (16 жастан 21 жасқа дейін) – 700 теңге
- үлкендерге (22 жастан бастап) – 1 000 теңге
Конькиді жалға алу:
- 14 жасқа дейінгі балаларға – 500 теңге
- 15 жастан бастап – 1 000 теңге
Жабық мұз айдынның қысқы демалыс кезіндегі жұмыс кестесі:
- 7 қаңтар – 14.00-15.00, 15.15-16.15;
- 10 қаңтар – 14.45-15.45, 19.45-20.45, 21.00-22.00, 22.15-23.15;
- 12 қаңтар – 11.00-12.00, 16.15-17.15.
Даладағы мұз айдын сеанстары:
- 11.00 – 12.00
- 12.30 – 13.30
- 14.00 – 15.00
- 15.30 – 16.30
- 17.00 – 18.00
- 18.30 – 19.30
- 20.00 – 21.00
- 21.30 – 22.30
Тюбпен сырғанау – Almaty Snow Park
Бір сеансқа ең көп дегенде 40 адам жіберіледі. Әр сағат сайын 10 минуттан санитарлық өңдеу жасалады.
Бойы 100 см аспайтын балалар жанында үлкендер болса тегін кіреді. Кәмелетке толмаған көпбалалы отбасы балалары, балалар үйі мен интернаттарының тәрбиеленушілері, мүгедектер, зейнеткерлер 50% жеңілдікпен кіре алады.
Жұмыс кестесі: күн сайын 11.00 – 21.50 аралығында, әр сеанстың ұзақтығы – 50 минут
Демалыс және мереке күндері:
- балаларға – 1 200 теңге
- студенттерге – 1 500 теңге
- үлкендерге – 2 500 теңге
Жұмыс күндері:
- балаларға – 1 000 теңге
- студенттерге – 1 300 теңге
- үлкендерге – 2 000 теңге
Mega Arena мұз айдыны
MEGA сауда ойын-сауық орталығында сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін жабық мұз айдыны жұмыс істейді.
Кіру билеті:
- 30 минут – 1 000 теңге
- 1 сағат – 1 500 теңге
- конькиді жалға алу – 500 теңге
Анықтама телефоны: +7 (727) 232 25 20, +7 701 301 42 63
"Димаш" мұз айдыны
Мұз айдын 60 адамға арналған. Конькимен сырғанауға жазылу үшін WhatsApp нөмірге алдын ала жазу керек. Мекенжайы – Таугүл шағын ауданы, Ықылас, 8г
Билет бағасы:
- күндізгі сырғанау – 2 000 теңге
- түнгі сырғанау – 1 000 теңге
- конькиді жалға алу ақысы – 1 000 теңге
Анықтама және жазылу үшін телефон: +7 (727) 293 66 89, +7 775 136 33 82
Төбешіктен сырғанайтын орындар
Аэропорт көлі қыста белсенді демалысты жақсы көретіндер жиналатын орынға айналады. Үлкендер балалармен қалыспай төбешіктен сырғанайды. Мекенжайы: Түркісіб ауданы, Бұқтырма көшесі.
"Шымбұлақ" кешенінде де төбешіктен сырғанауға болады. Бір рет төмен түсу – 500 теңге. Бір сағат сырғанау – 2 500 теңге.
Сайран көліне де келіп сырғанайтындар көп. Тюбтерді жалға алу ақысы – 500-1 000 теңге. Алдын ала +7 777 222 39 49 нөміріне хабарласып сырғанақ ашық екенін сұрап білуге болады.
"Ақ бұлақ" тау-шаңғы курорты балалармен бірге арнайы жабдықталған ылдидан баллонмен сырғанауға шақырады. Травелатор қызметімен бірге баллонмен сырғанау – сағатына 1 500 теңге. Өз баллонымен келгендерге травелатормен бір рет көтерілу үлкендерге – 500 теңге, 12 жасқа дейінгі балаларға – 300 теңге. Анықтама телефондары: +7 727 259 94 90, +7 707 763 9910
"Тау күні" демалыс базасында кіру бағасы үлкендерге – 1 500 теңге, 12 жасқа дейінгі балаларға – 1 000 теңге және 4 жасқа дейінгі балаларға тегін. Тюбті жаллға алу 30 минут 500 теңге, 1 сағаты 1000 теңге. Өзімен бірге баллон әкелуге болмайды. Төбешік күн сайын 10.00-ден 17.00-ге дейін ашық.
"Саялы" шағын ауданындағы төбешіктерге қыста адамдар сырғанауға көп жиналады. Сол жерден баллондарды жалға алуға болады.
Оқи отырыңыз: Жаңа жылға сыйлықтарды онлайн алу: акциялар мен жеңілдіктер топтамасы
Театрлар
Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театры 6 қаңтар 13.00-де П.П.Вальдгардтың "Мысық үйі" атты балалар операсын және 18.30-да "Щелкунчик" балетін тамашалауға шақырады. Билеттер 1000 теңгеден басталады және онлайн сатылады. Мекенжайы: Қабанбай батыр көшесі, 110.
"Трансформа" мәдени кеңістігі 8 қаңтарда сағат 11.00-де төрт жасқа толмаған кішкентай достарын "Ёлочка" қойылымын тамашалауға шақырады. Балалар қармен ойнап, қолдан ақ қала жасайды, шамдарды жағып, шыршаны безендіреді. Аяз атамен танысып, шыршаны айналып тілек тіледі. Билеттер 5 000 теңгеден басталады және мына сілтемеден сатып алуға болады. Мекенжайы: Байзақов к, 280 (Almaty Towers, 1-қабат, SmArtPoint).
Н.Сац атындағы мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер орыс театрында алты жастан асқан балаларға арнап "Жыл он екі ай" атты жаңажылдық көрсетілім қойылады. Билеттер 1 500 теңгеден басталады. Қойылым 2-7 қаңтар аралығында 12.30-да және 15.00-де басталады. Билеттерді онлайн сатып алуға болады. Мекенжайы: Шаляпин көшесі, 22.
"Жас сахна" театрында 7-10 қаңтарда сағат 11.30 және 13.00-де "Жаңа жылдық ертегі" атты балалар шоуы өтеді. Мекенжайы: Абай даңғылы, 117. Билеттерді онлайн сатып алуға болады.
Мемлекеттік қуыршақ театры кішкентай көрермендерін 20 желтоқсан мен 10 қаңтар аралығында сағат 10.00, 12.00, 14.00 және 16.00-де "Күлше қыз" ертегісінің қойылымын көруге шақырады. Тетарға маскасыыз кіруге болмайды. Барлық санитарлық талаптар сақталады. Касса телефоны: +7 (727) 234 79 22. Мекенжайы: Пушкин көшесі, 63.
Сондай-ақ, балалар Мемлекеттік қуыршақ театрының сахнасынан 8 қаңтар 14.00-де "Үйшік", 9 қаңтар 12.00 және 16.00-де "Буратиноның шытырмандары", 9 қаңтарда сағат 14.00-де "Арыстанның үрейін қалай емдейміз?" қойылымдарын тамашалай алады.
Нұр-Сұлтан
Астанада қысқы демалысты көңілді өткізетін орындар көп. Қала әкімдігі мен урбанистика орталығы биыл елордалықтар мен қала қонақтарына жаңа жылдық көңіл күй сыйлайтын бірнеше орынды безендіріп, сырғанақтар жасап қойды.
Тегін сырғанайтын орындар
Қала әкімдігі алдында қысқы қалашық бой көтерді. Дәстүр бойынша мұнда жаңа жылдық шырша, мұз айдыны, мұз қалашығы мен төбешік орнатылған. Коньки жалға беріледі. Шай ішіп жылынатын орындар бар. Есіл жағалауында да жылдағыдай тюбтерді жалға алып, төбешіктен сырғанауға болады. Ақбұлақ өзенінің жағасында, Керуен сауда орталығының алдындағы алаңда, "Көктал" паркінде мұз айдыны ашылады. "Бейбітшілік және келісім" және "Жастар" сарайларының алдында да конькимен, тюбпен сырғанауға болады.
ЭКСПО жанындағы мұз айдыны мен төбешік
Кіру тегін. Конькиді жалға алу – 2 сағаты 500 теңге. Қосымша ақыға жаттықтырушы қызметі ұсынылады. Мұз төбешікте сырғанау үшін тюбті 500 теңгеге жалға алуға болады.
Музейдегі мұз айдын
Жақында ғана ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы музейінің (Бөкейхан көшесі, 1б) аумағында ашылған мұз айдында бір уақытта 150 адам тегін сырғанауға болады. Мұз айдынының жанында орналасқан "Бублик-Кросс" аттракционы балаларға тегін.
Конькиді өзіңмен әкелуге де, сол жерде жалға алуға да болады. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты келушілер маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтауы керек. Мұз айдыны тәулік бойы жұмыс істейді.
Nur-Sultan Snow Park
Елордалықтар енді алысқа бармай-ақ қала ішінде сноуборд тебе алады. Биыл Ататүрік атындағы паркте шаңғы және сноубордпен сырғанауға болатын жасанды төбешік ашылды. Сноубордты енді бастағандарға сноупарк аумағында қажетті жабдықтарды жалға алуға, инструктордан сабақ алуға болады. Балаларға сноуборд тебуді үйрететін мектеп те жұмыс істейді. Кешкі уақытта парк жарықтанады. Осылайша кез келген адам күн-түн демей экстремалды спорт түрімен айналысады.
Ататүрік паркінде салынған "Аяз атаның үйінде" келушілер кіріп, фотоға түсе алады. Сондай-ақ, мұз айдында сырғанауға, конькиді жалға алуға болады.
Қысқы қалашық
30 желтоқсаннан бастап Триатлон-паркінде қысқы қалашық ашық. Алаңда ортағасырлық айдаһарлар қамалы, 6 метрлік сырғанақ төбешігі, көру алаңы, мұз айдыны орналасқан. Коньки мен тюбті жалға алуға болады. Келушілер санитарлық нормаларды сақтауы қажет.
Театрлар
Нұр-Сұлтан қалалық қуыршақ театрында 6-8 қаңтарда 10.00, 12.00, 16.00 және 18.00-де "Аяз атаның қолғаптары" атты жаңажылдық қойылымы өтеді. Билет бағасы 1500 теңгеден басталады. Театрдың мекенжайы: Республика даңғылы, 3.
"Астана Опера" театрында 6 қаңтарда сағат 12.00-де балаларға арналған "Щелкунчик" балетінің қойылымы өтеді. Билет бағасы 1500 теңгеден басталады және онлайн алуға болады.
Astana Ballet театры жас көрермендерін 7-9 қаңтар аралығында "Күлше қыз" балетін тамашалауға шақырады. Билет құны – 9 000 теңге.
Оқи отырыңыз: Каникул кезінде үлгерімі нашар оқушылар үшін кезекші сыныптар ұйымдастырылады
Шымкент
Шымкент әкімдігі қаланың жаңа жылдық безендірілуіне бюджеттен ақша бөлген. Алайда ашық мұз айдын салу туралы ақпарат жоқ. Оған оңтүстіктің ауа райы да келмеуі мүмкін. Десек те ата-аналар қысқы демалыста балаларын алып "Арбат" маңайында серуен құрып, саябақтарды аралай алады.
Мұз сарайы
Мереке күндері жұмыс кестесі:
- 31 желтоқсан 12.00 – 21.00
- 1, 2, 3 қаңтар 12.00 – 23.00
- 4 қаңтар 19.30 – 23.00⠀
Кіру және конькиді жалға алу:
- үлкендер – 1 000 теңге
- балалар – 700 теңге
- студенттер – 800 теңге
Өз конькиімен кіру:
- үлкендер – 800 теңге
- балалар – 500 теңге
- студенттер – 700 теңге
Сондай-ақ "3+1" акциясы бар. Яғни төртінші адам тегін кіреді.
Анықтама телефондары: +7 7252 21 21 66, +7 777 2 607 607
Мекенжайы: Желтоқсан көшесі, 15/2
Қозғалатын динозаврлар көрмесі
20 желтоқсаннан бастап 7 ақпан аралығында Шымкентте динозаврлар көрмесі – Dino Park жұмыс істейді. Қозғалатын экспонаттардың биіктігі 3 метрге дейін. Балаларды динозаврлар тарихымен таныстыруға және суретке түсуге тапсырмас мүмкіндік.
Билет бағасы:
- ересектерге – 1 500 теңге
- оқушылар, студенттер, зейнеткерлерге – 1 200 теңге
- 4-6 жастағы балаларға – 1 000 теңге
Жұмыс кестесі:
- 31 желтоқсан 10.00 – 16.00
- 1 қаңтардан бастап 14.00 – 18.00
Мекенжайы: Бейнелеу өнері музейі, Мәделі қожа көшесі, 2Б
Анықтама телефондары: +7 701 730 02 90, +7 777 358 87 78
Informburo кеңесі:
- Баратын орынның ашық не жабық екенін алдын ала қоңырау шалып біліп алыңыз. Карантин шектеулеріне байланысты кейбір орындар жұмыс уақытын өзгертуі мүмкін;
- Билеттерді онлайн сатып алған тиімді, себебі уақыт жоғалтпайсыз;
- Билетті кассадан аламын деп сенімді болмаңыз, қазір онлайн сатып алатындар көп болғандықтан кассада билет қалмауы мүмкін;
- Балаңыздың дене қызуы көтеріліп, ЖРВИ белгілері болса үйде қалған жөн;
- Өзіңізді және өзгелерді коронавирустан қорғау үшін маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз;
- Конькимен не баллонмен сырғанағанда жарақат алудан абай болыңыз.