Бала тілі неге кеш шығады? Логопедтің ата-аналарға кеңестері
Қазіргі қоғамда тілі мүкіс не уақытынан кеш шыққан балалар саны көп. Кекеш, жасы екі-үштен асса да, анық дыбыстай алмайтын, физиологиялық және психологиялық ауытқулары бар балалардың көбейуі ата-аналармен қатар дәрігерлерді де қатты алаңдатып отыр. Балалар тілінің кеш шығуының себептері мен оларды емдеу жолдарын informburo.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 Оңалту орталығының директоры Құралай Қожамқұлова мен логопед маман Гүлжәмила Әбдірайымовамен бірге анықтады.
Балалар тілінің кеш шығуының басты себептері:
- Жүктілік кезінде ана көңіл-күйінің дұрыс болмауы, күйзелісте болуы;
- Тұқым қуалаушылық фактор;
- Таңдайда не ерінде жырықтардың болуы;
- Дыбыс шығару жүйесінің жұмыс істемеуі;
- Ауыз қуысы бұлшықеттерінің дұрыс жұмыс істемеуі;
- Баламен сөйлеспеу (ата-ананың баламен әңгімелеспеуінен, қарым-қатынастан оқшаулауынан баланың тұйықталуы);
- Қатты қорқып қалудан болған тұтығу;
- Өзге аурулардың, қолданған дәрі-дәрмектердің әсері.
Әлбетте, бала денсаулығына ана құрсағында жатқан кезден бастап көңіл бөлген абзал. Өйткені, бала ағзасында пайда болатын аурулардың басым бөлігі құрсақта жатқанда дамиды. Баланың сөйлеу қабілетінде болатын ақаулар да сол кезден бастауын алуы мүмкін. Логопедтер кей себептердің алдын алу мүмкін емес болғанымен, көп жағдайда бала тілінің уақытында шығуы тікелей ата-анаға байланысты екенін айтады. Ата-аналардың бала тілін қызық көріп, олардың қате дыбыстаған сөздерін қайталауы дұрыс емес. Керісінше, бала ата-анасының сөйлегеніне қарап, сөзін түзеуі үшін әке-шеше әр сөзді анық дыбыстап айтуы қажет.
Оқи отырыңыз: Данышпандық қайдан шығады. Баланы ерте дамытудың қаупі қандай?
Бала бес-алты айдан бастап өзге адамдардың қимылдарын қайталайтын қабілетке ие болса, оның ішінде артикуляциялық қимылдар да бар. Яғни, бала өзіне қарап сөйлеген адамның дыбыстау мүшелерінің қимылын да қайталайды деген сөз. Сол үшін баламен әңгімелескенде, оған қарата сөз айтқанда, әрбір қимыл-әрекетке мұқият болған абзал.
Логопедтің кеңестері
Жоғары дәрежелі логопед Гүлжәмила Әбдірайымова ата-аналарға балаларының тілі ерте шығып, сөйлеу қабілеті дұрыс жетілуі үшін бес кеңес берді:
Баласының бойынан кемдік не ақау байқаған ата-ана не істеуі қажет?
Сәби дүниеге келгеннен кейін ата-ана оның бойындағы әрбір өзгерісті мұқият қадағалап, дәрігерлерден үнемі кеңес алып тұру керек. Егер қандай да бір қалыпты емес өзгеріс байқала қалса, толық тексерткен жөн. Жергілікті денсаулық сақтау орындарында психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысын шығарып, емделуге жолдама беретін мекемелер бар. Онда арнайы педагогтер (логопед, дефектолог, педагог-психолог және әлеуметтік педагог) мен медициналық мамандардан (педиатр, невропатолог, психиатр және өзге медициналық қызметкерлер) құралған кеңес қызмет көрсетеді. Олар комиссия құру арқылы ақылдаса отырып қорытынды жасайды да, бойында ақауы бар баланы тиісті оңалту орталығында емделуге жібереді.
Оқи отырыңыз: Дүниеге келген нәрестеге берілетін көмектер
Оңалту орталығында бала арнайы емдеу-сауықтыру курсынан өтеді. Жоғарыда аталған педагогтер мен медициналық қызметкерлерден құралған команда баланың жағдайына баға беріп, оны емдеу жоспарын бекітеді. Бұл "командалық бағалау" деп аталады.
Баланың денсаулық жағдайы ауыр, орташа және жеңіл болуы мүмкін.
Баланың:
- ешқандай дыбыс шығармауына;
- еліктеу дыбыстарын шығаруына;
- есихологиялық кемістікке ие болуына;
- дыбыстау жолдарының толық жетілмеуі не әлсіз болуына;
- кекештенуіне;
- белгілі бір дыбыстарды айта алмауына;
- бойында басқа кемістіктердің болуына қарай, оны осы үш топтың біріне жатқызып, тиісті дәрігерлердің емдеуі міндеттеледі.
- Қосымша кемістіктер анықталады. Мәселен, балада физиологиялық, психологиялық кемістік түріндегі қосымша аурулар болуы мүмкін.
- Емдеу жоспары. Әр бала үшін жеке оңалту жоспары жасалады. Себебі, балалардың ауру белгілері бірдей болғанымен, олардың табиғаты, жасы, мінез-құлқы, қосымша кемістіктері әртүрлі болуы мүмкін.
- Емдеу уақыты және мерзімі. Әр бала аптасына кемі 3 рет, әр ретте 2 сағат мөлшерінде ем қабылдайды. Әр маман баланы оның жағдайына қарай 25-45 минут аралығында қабылдайды. Бұл баланың жағдайының ауыр-жеңілдігіне қарай 90 күннен басталып, 365 күнге дейін созылуы мүмкін.
- Емдеу тәсілдері. Емдеу барысында, баланың жағдайына қарай психологиялық ем, массаж, ойындар мен қызықтыру тәсілдері сынды ондаған емдеу және оңалту шаралары қолданылады. Мәселен, тіл шықпаудың физологиялық себептері анықталса, дыбыстау жүйесінің мүшелеріне арналған массаж жасалады. Онда классикалық массаж, аппаратпен жасалатын массаж және қолданылмалы массаж түрлері бар. Массаж жасауға жіберу үшін дәрігер рұқсаты қажет.
- Қызмет көрсету жолдары. Балалар жеке не шағын топта (2-3 бала) және толық топта (5 балаға дейін) тәрбиеленеді. Онда балалардың жағдайына қарай түрлі ойындармен қызықтырып емдеу шаралары жүзеге асырылады.
- Ата-анаға тапсырма. Әр қабылдаған ем мен шара күнделікке тіркеліп жазылып, ата-аналарына қосымша тапсырма беріледі.