Қазақстандықтар шетелге көшу бойынша Сириядан кейінгі екінші орында
Соның ішінде 8,4 мыңы ер адам болса, 9,6 мыңы әйелдер. Шамамен қалған 0,6 мыңы өз жыныстарын көрсетпеген немесе жасырған.
Қазақстанның әрбір бесінші тумасы шетелде жүр
Қазіргі таңда Қазақстанда туған 3,9 млн адам шетелде өмір сүріп жатыр. Бұл қазақстандықтардың 22 пайызы. Шетелге кетушілердің пайыздық көрсеткіші жағынан еліміз Сириядан кейін әлем бойынша екінші орында. Сирияның 6,2 млн тумасы қазір шетелде тұрып жатыр. Бұл ел халқының 33 пайызы.
Ал сыртқа көшіп кеткендердің жалпы саны бойынша Қазақстан әлемде 15 орында.
Қай елдердің азаматтары шетелге көп көшеді?
Бірінші орында Үндістан. Бұл елдің 15,9 млн тумасы шетелге тұрып жатса, Мексиканың 12,5 млн азаматы көшіп кеткен. Үшінші орында Ресей. Бұл елдің де 10,4 млн тумасы шетелге қоныс аударған.
Қытай, Бангладеш және Сириядан тиісінше 9,7 млн, 7,2 млн және 6,2 млн адам көшіп кеткен.
Пәкістан, Украина мен Филиппинде туған 5,4-5,9 млн адам шетелде тұрып жатыр. Ал Ауғанстан, Ұлыбритания мен Польшада туған азаматтардың шамамен 4-5 млн-ы елдерінен тыс тұрып жатыр.
Германия мен Индонезияның 4 млн азаматы қазір шетелде жүр. Келесі орында 3,9 млн тумасы қазір шетелде тұратын Қазақстан.
Жалпы, БҰҰ мәліметінше, қазіргі таңда 200 млн-нан астам азамат өз отанынан түрлі себептермен шетелге қоныс аударған. Қазақстандағы сыртқы миграция 4 млн-ға жуық екенін ескерсек, әлем бойынша мигранттардың 2 пайызының Қазақстан тумасы екеніне көз жеткіземіз.
Қазақстанда туғандардың басым көбі Еуропада жүр
Қазақстанда туып, шетелде өмір сүріп жатқан 3,9 млн мигранттың 3,8 млн-ы Еуропада, 76,8 мыңы Азияда, 44,4 мыңы Солтүстік Америкада, 3,1 мыңы Африкада, 2,2 мыңы Мұхит елдерінде, 100-і Латын Америкасы мен Кариб бассейніндегі мемлекеттерде өмір сүріп жатыр екен.
Жекелеген елдер бойынша, Ресейге 2,5 млн адам кетсе, Германияға 940,3 мың адам және Украинаға 224,4 мың адам кеткен.
Жас пен жыныс ерекшеліктері
Биылғы деректерге сенсек, шетелде тұрып жатқан Қазақстан тумаларының ішінде 50,4 пайызы әйел болса, 49,4 пайызы еркектер.
Шетелде тұратын Қазақстан тумаларының орташа жасы – 38,5. Соның ішінде 19 жасқа дейінгілердің үлесі жалпы көрсеткіштің 11,7 пайызын, 20-64 жас аралығындағылар саны 72,4 пайызын құрайды. Қалған 15 пайыз жасы 64-тен асқан азаматтар.
Бір қызығы, шетелге көшіп кеткен Қазақстан тумаларының 9,3 пайызы ғана өздерінің тарихи отанына оралған екен.
Жалпы, шетелге қоныс аударғандардың ішінде босқын мәртебесіне өтініш берушілер 1995-2000 жылдар аралығында 15-20 мың болса, 2005-2010 жылдары көрсеткіш 7,3 мыңнан 4,7 мыңға дейін азайған. 2015 жылы 805, ал биыл бұл көрсеткіш көп өзгермей 807 адамды құраған.