Қазақстанда зейнетақы қорындағы қаражатты жекелеген компаниялардың басқаруына бермекші. Бұдан не өзгереді?
Қазақстандықтарға өздерінің болашақ зейнетақысының көлеміне тікелей әсер етуге мүмкіндік беріледі. Тиімдірек басқарушы компанияны таңдай отырып, әр адам ақша салу әдісін анықтай алады.
Біз аталған ұйымдар туралы, олар біздің зейнетақымыздан қандай табыс табады және олардың айналымын біз қалай бақылап отыра алатынымызды білдік.
"Зейнетақы активтерін басқару тұжырымдамасы "Қазақстан қаржы ұйымдары қауымдастығы" ЗТБ және ҚР "Атамекен" ҰКП келісілген. "Қазір бұл заң жобасы заң шығару бойынша ведомствоаралық комиссия шеңберінде қаралып жатыр" деп жауап берді Informburo.kz ресми сауалына ҚР Ұлттық банкінен. Бұл жерде заңның нақты енгізу мерзімі белгісіз.
Оқи отырыңыз: Зейнетақы жүйесінде қандай өзгерістер күтіп тұр?
№1. Салымшылардың ақшасы қайда түседі?
Егер салымшыларды қызықтыра алса, зейнетақы активтерін жеке компаниялар басқаратын болады. Бұған қоса олар кастодиан-банктерде сақталады.
Кастодиан – клиенттердің қаржы құралдарының және ақшаларының есебін жүргізетін және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердің құжаттамалық қаржы құралдарын сақтау бойынша міндеттемелерді өзіне алу арқылы оларды сақтауды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы. Қазақстандықтар кастодиандарды таңдай алмайды.
Мұнымен бірге Бірыңғай зейнетақы қорының жұмысы да жалғасады.
Оқи отырыңыз: Зейнетақы жинағын кімдер мерзімінен бұрын ала алады? Үкімет пен Ұлттық банк ұсыныстары қандай?
№2. Бұл қазақстандықтарға не береді?
Зейнетақы жүйесін реформалаудың ұсынылған жүйесі ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Дина Галиеваның сөзінше төмендегідей мүмкіндік береді:
- Жеке зейнетақы жинақтарын басқарудағы мемлекет мүдделері қайшылығын жояды;
- Басқарушы компанияны таңдау арқылы салымшыларды өзінің зейнетақы жинақтарын басқару процесіне қатыстырады;
- Қаржы нарығына зейнетақы активтерін басқаратын, жеке басқару және өмірді сақтандыратын компанияларды тартады.
Оқи отырыңыз: Зейнетақы жүйесіне енетін жаңалықтарға шолу
№3. Жинақтарды кімге сеніп тапсыруға болады?
Ұлттық банк қазақстандықтардың зейнетақыларын басқару ісімен айналыса алатын компанияларға қойылатын талаптарды белгіледі: жеке капиталының жеткіліктігі, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі жолға қойылғандығы, сондай-ақ тиісті еңбек тәжірибесімен білікті мамандарының болуы шарт.
№4. Шоттар мен қаражаттардың айналымын қалай қадағалау керек?
Ұлттық банктегілердің сөзіне сенсек, әрбір басқарушы компанияның өз инвестициялық стратегиясы болуы, сонымен қатар қаражаттарды басқаруда ашықтықпен қамтамасыз етуі керек. Активтердің өзі Ұлттық банктің шоттарында қалады, яғни, іс жүзінде ақша аударылмайды. Салымшының таңдаған компаниясының тек қаржыларды басқару құзыреті болады.
"Салымшылар кез келген уақытта зейнетақы жарналарының жай-күйі туралы ақпарат алу үшін БЖЗҚ-на жүгініп, таңдаған басқарушы компанияның қызметін бағалай алады. Сондай-ақ оның қызметін әрі қарай пайдаланады немесе зейнетақы жарналарын Ұлттық банктің басқаруына қалдыра (қайтара) алады" – деп хабарлады ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.
Оқи отырыңыз: Зейнетақы, жалақы, салықтар. Қазақстандықтардың өмірі қалай өзгереді
№5. Қазақстандықтар шетелдік компанияны таңдай ала ма?
- Кем дегенде 10 жыл жұмыс тәжірибесі;
- Басқаруында клиенттерінің кем дегенде 25 млрд доллар активтері болуы керек;
- Қарастырылған мандаттың типіне сәйкес клиенттерінің кем дегенде 1 млрд доллар активтері болуы қажет.
Мақаланың орысша нұсқасын оқи отырыңыз: Пенсии в Казахстане хотят отдать в управление частным компаниям. Что изменится?
№6. Болашақ зейнеткерлер шетелдік компаниялардан қандай пайда көреді?
Ұлттық банк ақпаратына сай шетелдік ивесторларды тарту БЖЗҚ активтерін әртараптандырады және жалпы тәуекелдер деңгейін төмендетеді. Оларға төмендегілер есебінен қол жеткізіледі:
- Активтер санатының кеңірек спектріне инвестициялау мүмкіндігі;
- Сыртқы нарықтардың кеңейтілген географиялық спектріне қол жетімділік;
- Әртүрлі басқарушылар арасында активтерді басқару стиліне сәйкес әртараптандыру;
- Активтерді басқару саласында қосымша сараптама
Ұлттық банктің хабарламасына сай шетелдік басқарушылардың тәжірибесі және техникалық ресурстары, зерттеулері мен сарапатамалық материалдары инвестициялық әлеуетті арттыруға және зейнетақы активитерінің табысты болуына оң әсер етеді.
Оқи отырыңыз: Зейнетақы, жәрдемақы және шәкіртақы өсті. Әлеуметтік төлемдер қалай өзгерді?
№7. Басқарушы компаниялар біздің зейнетақымыздан қалай табыс таппақ?
Басқарушы компаниялар комиссиялық сыйақы алады. Ол инвестабыс көлемімен тікелей байланысты болады, бірақ ҚР "Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" заңның 53 бабында көрсетілген шектік мөлшерінен көп емес көлемде. Зейнетақы активтерін сыртқы басқарушылардың комиссиясы бірнеше факторларға байланысты. Оның ішінде басқару меншігіндегі активтердің мөлшеріне, активтердің санатына (акциялар, облигациялар және тағы басқа) және мандат типіне (активті немесе пассивті) байланысты. Аз мөлшердегі комисия эталонды портфельдер, жаһандық акциялар секілді пассивті мандаттарды көздеген. Ал көп мөлшердегі комиссия корпоративті облигацияларға, активті акцияларға және дамушы нарықтардың құралдары бойынша күрделі мандаттарға белгіленген" деп хабарлады ҚР Ұлттық банкі.
№8. Жеке компанияларға сенбейтін салымшылардың зейнетақы жинағына не болмақ?
Кейбір салымшылар жеке компаниялардың қызметінен мүлдем бас тартуы мүмкін. "Мұндайлар зейнетақы активтерін басқарушы ретінде ҚР Ұлттық банкін таңдай алады" деп жауап берді қаржылық реттеуші орган.
Оқи отырыңыз: Зейнетақы қорындағы ақшаны уақытынан ерте шешіп алуға бола ма?
№9. Қазақстандықтар енді зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын ала ала ма?
Жинақтарды зейнет жасына дейін жекелеген мақсаттарға пайдалануға заңмен шектеу қойылған. Бұл шектеу жинақтаушы зейнетақы жүйесінің еңбекке жарамсыз мерзімдегі тұрақты табысты қамтамасыз ету мақсатымен негізделеді.
Жаңа тұжырымдамада да осындай тәртіп сақталады.
Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы жүйесі 1998 жылдан бері жұмыс істейді. Қазақстандықтар осы кезден бастап айлық табысының кем дегенде 10 пайызы көлемінде міндетті жарна ретінде аудара отырып, өздеріне зейнетақыны жинай бастады. Бұған дейін зейнетақы барлық жұмыс істейтіндердің есебінен жасақталған ортақ қордан төленіп келді.
Оқи отырыңыз: Зейнетақы қорының электронды қызметін қалай пайдалануға болады?
2014 жылдан бастап, әрбір азаматтың өз жинағын сақтауға байланысты таңдауы болды. Зейнетақы қоры ретінде "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" белгіленді. Бұдан бөлек өз қызметін 9 жеке зейнетақы қоры ұсынды.
2014 жылы салымшылардыңң барлық жеке зейнетақы шоттарын бірыңғай зейнетақы жинақтау қорына біріктірілді. Оны сенімді басқару мүмкіндігін Ұлттық банк иеленді. 2017 Ұлттық банк зейнетақы активтерін басқаруда және инвестициялау моделін таңдауда бәсекелестік қағидасын қайта қалпына келтіру қажет деген тұжырымға келді.
Ерлерге зейнетке шығу жасы – 63 жас, ал әйелдерге 2019 жылы – 59 жас. Заңға сәйкес, әйелдерге 63-ке толғанша зейнет жасы 2027 жылға дейін жыл сайын жарты жыл қосылып отыратын болды.
Авторы Наталья Батрақова.
Аударған Мәншүк Шапхатқызы.