Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады:

"Коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар мен олармен байланыста болған адамдар үшін оқшауланудың міндетті режимін көздейтін санитарлық ережелерді бекітілді. Бұл талаптарды орындамағандар үшін әкімшілік жаза көзделген. Ереже 2021 жылғы 10 маусымда күшіне енеді".


Оқи отырыңыз: Алексей Цой: 1 шілдеден бастап вакцинация паспорты Ashyq қосымшасымен біріктіріледі


Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзушылар Ashyq жүйесі арқылы анықталады. Жобағаа қатысатын қоғамдық нысандарға барған кезде "қызыл" мәртебесі бар болып шыққан адамдар оқшаулану ережесін бұзған болып саналады.

Карантиндегі науқас адамның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамауы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 802-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға және оған әкімшілік жазалау шараларын қолдануға себеп болады. Егер азамат өзінің мәртебесі туралы біле тұра, оқшаулану режимін бұзса және айналасындағыларға қасақана жұқтыру қаупін тудырса, оған 30 АЕК немесе 87 510 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады.