Қан тапсырам деп жан тапсырды. Астана ауруханаларында адам өлімінің жиілеуіне не себеп? Жаңалықтарға шолу
Ауылшаруашылығын дамыту қорынан алған несие пәтер жөндеу мен көлік сатып алуға кеткен
Атырау облыстық прокуратурасы 20 млн жуық жеңілдікпен алған несие қаражатын жойып жіберген 12 кәсіпкерді анықтады. Бақылаушы органның араласуымен мұндай жүгенсіз кәсіпкерлерден 16 млн теңгеден астам ақша мемлекет кірісіне қайтарылды.
2 мың теңге параға жарты миллион айыппұл салынады
Астанада "Нұрлы жер" бағдарламасына өтінім қабылдау басталды
Құжаттар 10-12 қазанда тек қана e.astana.kz электронды порталы арқылы қабылданады. Өтінім берушінің электронды қолтаңбасы болуы керек. Портал тәулік бойы жұмыс істейді. Бағдарлама талаптары бойынша 1 шаршы метрі 120 мың теңге тұратын 21 пәтер сатылымға шығарылады. iKomek бірыңғай байланыс орталығынан толық ақпарат алуға болады.
Алматы – Астана – Алматы бағытына бір күнде 19 ұшақ ұшады
Азаматтық авиация комитеті ішкі және сыртқы әуе бағыттары бойынша ең жиі ұшатын рейстерді атады. Ішкі рейстердің алғашқы үштігіне "Алматы – Астана" , "Астана – Шымкент", "Алматы – Шымкент" бағыттары, сыртқы рейсте "Астана – Мәскеу", "Алматы – Мәскеу", "Алматы – Стамбул" бағыттары аталды.
Қазақстандықтардың табысы мен өмір сапасын жақсартуға 84 млрд теңге бөлінеді
Қаржы министрінің айтуынша, 2018-2020 жылдары бюджеттен бөлінетін бұл қаражат мемлекеттік бағдарламаларды дамытуға, жол салуға, субсидиялық несиеге жұмсалады.
Астана ауруханаларында адам өлімінің жиі тіркелуіне не себеп?
Жыл басынан бері ауруханаларда емделушілердің 2,4% көз жұмған. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметтерге сүйенсек, жүрек-қан тамырлары (инфарктер), бауыр циррозы кесірінен асқазан-ішек жолдарындағы қан кету, ұйқы безінің өткір қабынуы, инсульт, ишемиялық жүрек бұлшықеті мен жүйке жүйесі дертіне шалдыққандардың емі дауа болмай, көз жұмған екен. Орта есеппен алса, дені 60-70 жастағылар. Анафилактикалық шоктан Астанада биыл бір адам қайтыс болған.
Дубай – ең қымбат қала
Байқоңырда апат болды
Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшып шыққан «Союз» зымыраны бірнеше минуттан кейін апатқа ұшырады. Бортында Роскосмос ғарышкері Алексей Овчинин мен NASA ғарышкері Ник Хейг болды. "Роскосмостан" хабарлағандай, экипаж дін аман, шамамен Қазақстанның Жезқазған қаласының аумағына апатты жағдайда қонды.
Қазақстанда зейнетақыны рәсімдеу тәртібі жеңілдетілді
БАҚ бүгін не жазды:
INFORM.KZ: Шымкентте жылу беру маусымы жоспардан ерте басталады. Қала басшылығы күннің күрт суытуына байланысты жылуды қараша айында емес, қазан айынан бастап беру туралы шешім қабылдады. 15-ші қазаннан бастап барлық бюджеттік ұйымдарға жылу берілмек. 20-шы қазаннан бастап жылуға көпқабатты үйлер қосылады.
1tv.kz: Әлемде соңғы жылдары селфи жасаймын деп 300 адам жан тапсырған. Халқының саны 300 миллионнан асқан АҚШ экстремалды селфимен күресті бастап кетті. Зәулім ғимараттарда, тау мен таста, өзен мен көл жағасында әдемі кадр үшін басын бәйгеге тігетіндерге тосқауыл қоймақ. Фотоға түсемін деп көз жұматындардың саны біздің елде де өсіп келеді. Бірер жыл бұрын Өсмекенде жасөспірім селфи жасаймын деп Ертіс өзеніне құлап, мерт болды.