Атаулы әлеуметтік көмекті төрт не одан көп кәмелеттік жасқа толмаған балалар бар не 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде білім алатын студенттері бар отбасылар ала алады:

  • төрт бала – 42 496 теңге;
  • бес бала – 53 127 теңге;
  • алты бала – 63 757 теңге;
  • жеті және одан көп бала – 74 388 теңге.

Өтініш қабылдау әліпбилік тәртіппен жүзеге асырылады. Осы арқылы сапалы қызмет көрсету мен өтініш берушілер ағынын реттеу қолға алынбақ. Қабылдау кестесін мына жерден көруге болады.

Өтініш берілген күн айдың ортасы немесе айдың соңғы күні болса, онда төлем толық беріледі. Яғни, ақшалай жәрдемақы өтініш берілген күн емес, өтініш берілген айдан бастап тағайындалады. Өтініш иесі тұрғылықты жері бойынша кем дегенде 6 ай тұрақты немесе уақытша тіркеуде болуы тиіс, ол өтінішпен бірге жеке куәлігін ұсынады.

Оқи отырыңыз: Жалдамалы пәтер алу үшін қандай құжаттар қажет?

Бағдарламаның басты шарты – отбасындағы еңбекке қабілетті адамдар "Еңбек" бағдарламасы аясында ұсынылатын жұмыстарға орналасуы керек. Аталған бағдарлама аясында жеңілдетілген шағын несие мен бизнес ашу үшін қайтарымсыз грант ұсынылады. Егер ол аталған жұмыстардан бас тартса, онда отбасына берілетін жәрдемақы тоқтайды.

Оқи отырыңыз: Жеке куәлікті қалай қайта жасатуға болады?

Алматының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының хабарлауынша, өтініштер келесі сегіз аудандық бөлімде қабылданады:

  • Алмалы ауданы – Назарбаев даңғылы, 50 (Гоголь көшесінің қиылысы), операциялық зал, 16-терезе, маман Жанар, тел: 8-747-849-00-23.
  • Алатау ауданы – Шаңырақ-2 ықшам ауданы, Жанқожа батыр к-сі, 26, 211-кабинеттер, маман Ақерке, тел: 8-778-920-79-93.
  • Әуезов ауданы – 3-ықшамаудан, 41, 208-кабинет, маман Олжас, тел: 8707-189-89-94.
  • Бостандық ауданы – Жандосов көшесі, 2 (Байзақов көшесінің қиылысы), 118-кабинет, маман Алмас, тел: 8771-416-42-31.
  • Жетісу ауданы – Мақатаев көшесі, 142 (Сейфуллин даңғылының қиылысы), 18-кабинет, маман Арман, тел: 8707-788-58-45.
  • Медеу ауданы – Төле би көшесі, 12 (Қалдаяқов көшесінің қиылысы), 17-кабинет, маман Ұлан, тел: 8-708-283-16-93.
  • Наурызбай ауданы – Шұғыла шағын ауданы, аудандық әкімдік ғимараты, 2-қабат, 205-кабинет, маман Әсем, тел: 8-708-979-21-66.
  • Түрксіб ауданы – Рихард Зорге көшесі, 18, 212-кабинет, маман Толқын, тел: 8-707-566-14-74.