Бақытжан Сағынтаев қалалық емханалардағы ерікті жаппай вакциналауды ұйымдастырумен танысты. Жұмыс сапары барысында Алматы әкімі №5 ауруханасындағы және №5, 15, 17, 29 емханаларындағы екпе кабинеттерінің жұмысын тексерді. Бұл туралы ол өзінің инстаграм парақшасында хабарлады.

"Азаматтар екпе салдыруға түсіністікпен қарайды. Қала бойынша 70 емханада, 31 сауда орталығында, ірі мәдениет, білім беру мен спорт нысандарында екпе егу орындарын ашамыз. Мұндай орындар 250-ден кем болмайды. Бұларда 2250 маман, яғни дәрігерлер мен басқа да қызметкерлер, тіркеушілер қызмет етеді. Оған қоса резидент дәрігерлер қатарынан 1200 еріктіні жұмылдырамыз. Қосымша жылжымалы мобильді пунктер де ашылады", – деді әкім.


Оқи отырыңыз: Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинаны қалай алуға болады? Дәрігерлер вакцинация туралы сұрақтарға жауап берді


Мегаполис әкімі, бекітілген жоспарға сәйкес КВИ-ға қарсы ерікті түрде жаппай вакцинациялау бойынша екпе егу орындарын мұздатқыш камералармен жабдықтауға ерекше мән берілетінін айтты.