Алексей Цой коронавирусқа қарсы отандық QazVac вакцинасын алды
QazVac вакцинасының 50 мың дозасы аймақтарға таратылды.26 сәуірде Қазақстанда биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының базасында шығарылған QazCovid-in (QazVac) қазақстандық вакцинасын егу басталады. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алғашқылардың бірі болып отандық вакцинаны салдырды.
Министр Нұр-Сұлтандағы №9 емханада вакцина алды. Екпе алғаннан кейін инъекция орнына су тигізуге, ішімдік ішуге болмайтынын, сондай-ақ үш күн бойы тұмаумен ауырғандай сезінуі мүмкін айтты.
Loading...
Қазірдің өзінде QazVac вакцинасының 50 мың дозасы аймақтарға таратылды. Мамыр айында тағы 50 000 доза өніріледі. Болашақта өндіріс біртіндеп айына 500-600 мың дозаға дейін артады.
"Бірінші партия биологиялық қауіпсіздік проблемалары институтында шектеулі сериямен өндірілді. Өндірісті арттыру үшін әртүрлі алаңдарды қарастырдық, соның ішінде түрік серіктестеріміз де бар. Сондай-ақ, Жамбыл облысында зауыт салып жатырмыз", – деді Алексей Цой вакцина алғаннан кейін.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың сөзінше, бүгінде әр жиырмасыншы қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алған.
Оқи отырыңыз: QazVac вакцинасын егу 26 сәуірде басталады. Қазақстандық вакцинаға қатысты 10 сұраққа жауап
Қазақстан – коронавирусқа қарсы өз вакцинасын тіркеген бесінші мемлекет. Отандық вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіліміне енді. Оны әзірлеушілер екпенің толығымен қауіпсіз екенін мәлімдеді. QazVac иммуногенді болғанымен, қазақстандық вакцинаның профилактикалық тиімділігі әлі анықталмады.
QazVac вакцинасының ерекшелігі – оны жеткізу процесі күрделі тоңазытқыш қондырғыларды қажет етпейді және +2-8 градус температурада тасымалданады. QazVac вакцинасымен вакциналау 21 күн аралықпен екі рет жүргізіледі. Сондықтан вакцинаның 50 мың дозасы 25 мың адамды вакциналауға есептелген. Вакциналау алдында медицина қызметкері міндетті түрде медициналық тексеруден өткізеді. Анамнез тексеріледі, дене температурасы, қысым өлшенеді. Вакцина алған адам 30 минут медицина қызметкерлерінің бақылауында болуы керек.