Алексей Цой: Қазақстанда коронавирус штамдары әзірге анықталмады
Қазақстанда коронавирустың жаңа штамдары әзірге тіркелмеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында мәлімдеді.
"Вирусты геномды зерттеулер нәтижесінде ел аумағында қыркүйек пен қаңтар аралығында коронавирустың жаңа штамы ("британдық", "оңтүстікафрикалық", "бразилиялық") анықталмады. Наурызда қосымша сынамалар алынып, генотипін зерттеуге, мүмкін болатын мутацияларды анықтауға жіберілді", – деді Алексей Цой.
Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылдың соңына дейін қазіргі шектеу шараларын, маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтау, вакциналаумен қоса эпидемиялық ахуалдың дамуына болжам жасаған:
- оптимистік сценарий бойынша сәуірде тәулігіне 500-ге дейін;
- пессимистік сценарий бойынша тәулігіне 1 700-ге дейін жағдай тіркелуі мүмкін.
Оқи отырыңыз: Алматыда ауруханаға тәулігіне 300 науқас коронавируспен жатқызылса, локдаун енгізіледі
Бірінші кезеңде вакциналау әсері иммунитет қалыптастыруға қажет уақытпен шектеледі. Кейін вакциналау әсері күшейіп, бұл елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына әсер етеді.
Алексей Цой халықты жаппай вакциналау ұжымдық иммунитет қалыптастыруға және инфекцияның таралуын болдырмауға мүмкіндік береді деп сендірді. 2021 жылы Қазақстан 12 милиион доза вакцина алуды жоспарлап отыр.