Алексей Цой: Наурызда вирус жұқтыру үлесі 30 пайызға артты. Бұл Covid-19 штамдарымен байланысты
Сәуірде вакцинаның 2 млн дозасы жеткізілмек. Бұл вакциналауға жататын азаматтардың 23,4 пайызын қамтуға мүмкіндік береді."Науқастану өсімі британдық және оңтүстікафрикалық штамдардың айналымымен байланысты болып отыр. Осыған орай өңір әкімдері инфекциялық төсек-орындармен және алғашқы медициналық-санитарлық көмектің мобильді бригадаларымен қамтамасыз ету бойынша шұғыл іс-шаралар қабылдауы қажет", – деді Денсаулық сақтау министрі.
Бүгінде бірінші компонент 197 706, екінші компонент 72 110 азаматқа салынды. Республика бойынша 1 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 10,3-ті құрап отыр.
Иммундау жоспарына сәйкес, өңірлерге вакцина жеткізу көлемі мен алдын ала мерзімі айқындалған. Қазіргі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, сәуірде вакцина жетізу көлемі Нұр-Сұлтан (284 мың), Алматы (464 мың), Шымкент (172 мың) қалаларына, Алматы (232 мың) және Қарағанды облыстарына (217 мың) ұлғайтылған.
Сонымен қатар, ол сәуір айында ПТР тестілеу санының бір тәулікте 57 мың зерттеуге дейін артқанын айтады. Бұл қолданыстағы зертханалардың тәуліктің қуатының 50 пайызын құрайды және ақпанмен салыстырғанда 1,6 есе артық.
"Өндірушілермен жүргізіліп жатқан келіссөздерді ескере отырып, Қазақстанға бірінші жартыжылдықта вакцинаның 6 млн-нан астам дозасын жеткізу жоспарланған. Бұл вакцинациялауға жататын контингенттің 64 пайызын қамтуға мүмкіндік береді. Аталған көлем КВИ-ге қарсы вакцинациялауға жататын контингентті барынша кеңейтуге және тегін екпе алуға ниет білдірген тұлғаларға қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деді министр.
Ұжымдарда және адамдар көп жиналатын орындарда вакцинациялау жүргізуге жылжымалы егу пунктері жұмылдырылады.
Оқи отырыңыз: Алматыда коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға болатын емханалар мен медорталықтардың тізімі
"Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының әкімдері халықты КВИ-ге қарсы вакцинациялаумен қамтуды арттыру үшін адамдар көп жиналатын жерлерде уақытта егу пунктттерін/бригадаларды ұйымдастыруы, көшпелі егу бригаларын екпе жүргізу үшін термоконтейнерлермен және вакцина сақтауға арналған тоңазытқыш жабдықтармен қамтамасыз етуі қажет", – деді Цой.
Министр наурызда ақпанмен салыстырғанда науқастану өсімінің 30 пайызға артқанын атап өтті.
Оқи отырыңыз:
- Коронавирусқа қарсы вакцина салу. Не білу қажет?
- Алматыда 250-ге жуық вакцина салу пункті ашылады
- Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинаны қалай алуға болады? Дәрігерлер вакцинация туралы сұрақтарға жауап берді
- Қазақстандық QazVac вакцинасын егу сәуір айының соңында басталады
- Сәуірден бастап Алматыға 250 мың доза коронавирусқа қарсы вакцина жеткізіледі
- Коронавирусқа қарсы вакциналар Қазақстанға құрғақ мұзды қолдану арқылы тасымалданады