Алексей Цой: 1 шілдеден бастап вакцинация паспорты Ashyq қосымшасымен біріктіріледі
Вакцинация паспортында адамның қандай дәрі қабылдағаны, қандай дозада және қай күндері қабылдағаны туралы мәліметтер бар.Вакцинация паспорты Ashyq қосымшасымен біріктіріледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тұрғындарға есеп беру кездесуінде айтты.
"Вакцинация туралы мәліметтер электронды форматта орналастырылған. Қазіргі уақытта вакцинация паспортын интеграциялау үшін IATA Халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен ынтымақтастық мәселесі қарастырылуда. 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап вакцинация паспортын Ashyq қосымшасымен біріктіру жүзеге асырылады", – деді министр.
Вакцинация паспортында адамның қандай дәрі-дәрмектерді қандай дозада және қай күндері қабылдағаны туралы мәліметтер бар. Ол сұрау жасалған жерде құжатты көрсетуге және QR коды арқылы да қолжетімді. Азаматтың вакцинация паспорты екпенің екі компонентін алғаннан кейін жасалады.
Оқи отырыңыз: Бейтарап QR код арқылы Ashyq қосымшасындағы мәртебені анықтауға болады
Ол жылу карталары да енгізіліп жатқанын айтты. Телекоммуникация деректері негізінде пандемия кезіндегі қала белсенділігін талдау жүйесі. Жылу картасы тұрғындардың жиі шоғырланатын орындарын анықтауға мүмкіндік береді. Қазір пилоттық жоба Алматыда жүзеге асырылып жатыр.
"Жылу картасын пайдалану ведомствоаралық комиссияның, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, полиция департаментінің, Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің тұрақты қол жетімділігі, алынған аналитиканы санитарлық бақылау, оңтайландыру мақсатында пайдалану сияқты мүмкіндіктерді ұсынады. Олар – патрульдік маршруттар, төсек қорын жоспарлау, қабылданған шаралардың тиімділігін талдау", – деді Алексей Цой.
Ashyq – бұл келушілерді қоғамдық орындарда тіркеуге арналған қосымша. Бүгінде бұл жобаға сегіз облыстан 500-ден астам нысан қатысады.
Қоғамдық орынға кірмес бұрын қосымша пайдаланушысы арнайы QR кодпен сканерлеп, нәтижесін кіреберісте әкімшіге көрсетеді. Код келушінің мәртебесін анықтайды. Мәртебе ПТР зерттеудің бірыңғай интеграциялық порталының ақпараттық жүйелерімен және Денсаулық сақтау министрлігінің Сovid-19 басқару орталығымен салыстырып тексеру негізінде беріледі.
- "Қызыл" мәртебе ПТР-тест тапсырып, коронавирус анықталған адамға беріледі. Мұндай мәртебе иелеріне үйде оқшаулану режимін қатаң сақтауға тиіс.
- "Сары" – байланыста болған адамдарға берілетін мәртебе. Оларға азық-түлік алуға немесе үйдің жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етілгенімен, басқа қоғамдық орындарға баруға тыйым салынады.
- "Көк" ПТР-тест (мысалы әуежайда) талап етілетін жерлерден басқа кез келген жерде еркін қозғалу дегенді білдіреді.
- "Жасыл" – бұл шектеусіз емін-еркін жүруге болады деген сөз.
Оқи отырыңыз: Алексей Цой коронавирусқа қарсы отандық QazVac вакцинасын алды