18 шілдеде Алматыда өтетін жазғы жүгіруге қатысушыларды тіркеу басталды
Summer Run жүгіруі Almaty Arena аумағында өтеді.Жарыс бағдарламасында 15 жастан асқан әуесқой атлеттерге арналған екі жүгіру қашықтығы бар:
- жүгіру – 12 км;
- скандинавиялық жүріс – 8 км.
Сондай-ақ, балаларға арналған үш жүгіру қашықтығы қарастырылған:
- 6 жастан 8 жасқа дейінгі балалар үшін – 500 м;
- 9 жастан 11 жасқа дейінгі балалар үшін – 1 км;
- 12 жастан 14 жасқа дейінгі балалар үшін –3 км.
Жүгіруге "Алматы марафон" сайтында тіркелуге болады. Қатысу құны:
- 12 км жүгіру және 8 км скандинавиялық жүріс – 4 мың теңге;
- балалардың жүгіруі – 3 мың теңге.
Өз қашықтықтарын жүгіріп өткен барлық спортшы медаль алады. 12 км қашықтыққа жүгірген ерлер мен әйелдер арасында әр жас санатындағы көшбасшылар үштіктері, сондай-ақ, 500 м, 1 км және 3 км қашықтыққа жүгірген ұлдар мен қыздар арасындағы көшбасшылар үштіктері медаль, грамота және серіктестер ұсынған сыйлықтармен марапатталады.