16 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 72 адам тіркелді
16 қыркүйек қорытындысы |
Науқастар 107 056 |
Сауыққандар 101 455 |
Көз жұмғандар 1 671 (13 қыркүйек) |
Нұр-Сұлтан | 13962 | 13617 | 314 |
Алматы | 14329 | 13971 | 270 |
Шымкент | 5183 | 4498 | 66 |
Ақмола облысы | 3452 | 3203 | 77 |
Ақтөбе облысы | 3232 | 3031 | 35 |
Алматы облысы | 4946 | 4783 | 62 |
Атырау облысы | 11030 | 10484 | 60 |
ШҚО | 8463 | 8227 | 164 |
Жамбыл облысы | 4110 | 4008 | 56 |
БҚО | 6830 | 6496 | 102 |
Қарағанды облысы | 10209 | 9624 | 272 |
Қостанай облысы | 3455 | 2898 | 16 |
Қызылорда облысы | 3236 | 3101 | 15 |
Маңғыстау облысы | 3337 | 2612 | 41 |
Павлодар облысы | 3884 | 3716 | 55 |
СҚО | 4035 | 3918 | 20 |
Түркістан облысы | 3363 | 3268 | 46 |
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 72 адам тіркелді.
Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:
- Шығыс Қазақстан облысы – 20;
- Нұр-Сұлтан – 9.
Республика бойынша барлығы 107 056 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 101 455.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 680-ге жетті.
1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен 30 337 адам ауырып, 335 науқас көз жұмған (16 қыркүйекте тіркелген науқас саны – 263, көз жұмғандар – 3).
"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 916 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 35 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 202 науқас жатыр. 1 714 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 115 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 18 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 18 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес
Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.