11 тамыз қорытындысы

Науқастар

100 855

Сауыққандар

74 677

Көз жұмғандар

1 269 (10 тамыз)

Нұр-Сұлтан 13348 10035 267
Алматы 13650 8610 195
Шымкент 5121 3866 47
Ақмола облысы 3119 2364 55
Ақтөбе облысы 3124 2382 31
Алматы облысы 4743 4008 34
Атырау облысы 10638 7869 35
ШҚО 7440 6085 94
Жамбыл облысы 3928 3234 51
БҚО 6411 5455 71
Қарағанды облысы 9575 5843 241
Қостанай облысы 3141 2610 11
Қызылорда облысы 3195 2361 8
Маңғыстау облысы 3186 2426 39
Павлодар облысы 3580 2383 31
СҚО 3608 2486 17
Түркістан облысы 3048 2660 42

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 691 адам (ауру белгілері барлар – 314, жоқтар – 377) тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

  • Нұр-Сұлтан – 143;
  • Алматы – 97;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 75:
  • Қарағанды облысы – 66.

Республика бойынша барлығы 100 855 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 74 677.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 313-ке жетті.

1-11 тамыз аралығында коронавирустық пневмониямен 14 760 адам ауырып, 181 науқас көз жұмған (11 тамызда тіркелген науқас саны – 1 423, көз жұмғандар – 8).

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 24 865 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 102 өскіншек бала бар. Стационарларда 4 421 науқас жатыр. 20 444 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 419 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 101 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 94 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес


Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы

Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.