10 қыркүйек қорытындысы

Науқастар

106 661

Сауыққандар

100 409

Көз жұмғандар

1 634 (08 қыркүйек)

Нұр-Сұлтан 13932 13552 313
Алматы 14308 13905 269
Шымкент 5182 4498 62
Ақмола облысы 3435 3116 77
Ақтөбе облысы 3225 3024 35
Алматы облысы 4919 4752 55
Атырау облысы 10981 10378 59
ШҚО 8362 8157 158
Жамбыл облысы 4106 3682 56
БҚО 6799 6356 100
Қарағанды облысы 10174 9543 272
Қостанай облысы 3442 2885 12
Қызылорда облысы 3233 3101 12
Маңғыстау облысы 3337 2612 41
Павлодар облысы 3870 3680 49
СҚО 4004 3918 20
Түркістан облысы 3352 3250 44

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 77 адам тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

  • Шығыс Қазақстан облысы – 18;
  • Алматы – 9.

Республика бойынша барлығы 106 661 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 100 409.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 656-ға жетті.

1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен 28 928 адам ауырып, 318 науқас көз жұмған (10 қыркүйекте тіркелген науқас саны – 353, көз жұмғандар – 1).

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 596 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 34 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 523 науқас жатыр. 2 073 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 137 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 25 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 28 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес


Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы

Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.